Алматыдағы №2 балалар клиникалық ауруханасында бірегей ота жасалды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқас 1 жаста. Бала анасынан 8 саусақпен туған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан өсіп келе жатқан баланың қолындағы артық саусақтар ойыншықтарды ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтірген.
"Мұндай отаны Алматыда тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді", — дейді баланың анасы.
Дәрігерлер сәбиге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.
"Қазақстандық әріптестермен бірге балалардың болашақта емін-еркін қимылдап, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасадық", — деді Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голян.
Еске салайық, бұған дейін туғанына бір күн болған сәбидің өңешіне күрделі ота жасалғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!