Дзюдошы Әбиба Абужақынова әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды 24kz.

Отандасымыз Будапешттегі бәсекеде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде италиялық Ассунта Скуттомен белдеседі. Ол 4 кездесу өткізіп, Марина Воробева, Лоус Пети, Уатана Когана мен Лаура Мартинез Абелендадан басым түсті. Осылайша, Әбиба Абужақынова – дзюдодан әйелдер арасында әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері атанған алғашқы қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, Будапештте додаға 93 елден 556 дзюдошы қатысып жатыр. Әлем біріншілігі 20 маусымға дейін жалғасады.