Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақта бір адам періштесі қағып аман қалған. Борттағы 242 адамның 241-і опат болды. Тірі қалған Ұлыбритания азаматы ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Air India әуе компаниясына сілтеме жасап «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Премьер-министр Нарендра Моди әлеуметтік желі арқылы көңіл айтты. Boeing 787-8 лайнерінде 230 жолаушы, 2 ұшқыш, 10 экипаж мүшесі болған. Бірінші ұшқыш 8200 сағат, екіншісі 1100 сағат әуеге көтерілген тәжірибелі ұшқыштар. Қара жәшіктер табылып, зерттеліп жатыр. Ахметабадтан Лондонға бет алған ұшақ 200 адам тұрып жатқан дәрігерлер жатақханасына құлап, жарылып, отқа оранған. Жалпы құрбандар саны 300-ден асады. Ахметабад әуежайындағы барлық рейстер тоқтап тұр.