Шымкентте де Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық шара өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оқушылар табиғатты аялауға үндейтін суреттер салды. Балалардың қолынан шыққан туындыларда өндірістік қалдықтың зияны, су айдындары мен топырақтың ластануы сияқты экологиялық мәселелер көтерілген. Шара кезінде экология департаментінің мамандары, биыл оннан астам өндірістік мекемеге тексеру жүргізілгенін айтты. Өкінішке қарай, ауаға зиянды қалдықтар шығару деректері әлі де тыйылмай тұр.

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы:

- Кішігірім болса да, бұл болашақ ұрпаққа, айналамызға, жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға ой салу мақсатында. Қоршаған орта ортақ екенін айтып өттім. Ауа ортақ, жер ортақ, су ортақ. Сондықтан соны болашақ ұрпаққа таза күйінде аманат етіп жеткізу әрбіріміздің міндетіміз.