Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Қазақстандағы банк секторының активтері 70,5 трлн теңгеге жетті

Қазақстандағы банк секторының активтері 70,5 трлн теңгеге жетті

Айта кетейік, бұған дейін екі ай бойы төмендеу тіркелген болатын.

Макроэкономикалық сын-қатерлерге қарамастан отандық банк секторы тұрақты өсім көрсетіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан банк секторының жиынтық активтері 70,5 трлн теңгеге жетті. Бір ай ішінде көрсеткіш 0,7%-ға, яғни 500 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайды.

23 екінші деңгейлі банктің 14-і актив өсімін көрсетсе, 9 банкте керісінше төмендеу байқалды. Айлық өсім бойынша көшбасшы ForteBank атанды. Банк активтері бір айда 173,5 млрд теңгеге немесе 3,5%-ға артты. Нәтижесінде қаржы институтының активтері 5 трлн теңгеден асты. Айлық өсім бойынша екінші орынды Halyk Bank иеленді. Банк активтері 162,9 млрд теңгеге немесе 0,8%-ға көбейді.

Үздік үштікті Bank of China Kazakhstan түйіндеді. Оның активтері 153,3 млрд теңгеге артқан. Сондай-ақ алғашқы бестікке “Отбасы Банк” (+120,2 млрд тг) пен Kaspi Bank (+107,3 млрд тг) кірді.

Жалпы алғанда, орташа жылдық өсім қарқыны 16,8%-ды құрап отыр.