Астанада LRT желісі алдағы екі айдың ішінде толық іске қосылады.

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек брифингте айтты. LRT 30 қыркүйектен бері сынақ режимінде жұмыс істеп келеді. Ай соңына дейін барлық вагондар жеткізіліп, станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. LRT-ның іске қосылуы Есіл және Нұра аудандарындағы Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылдары бойындағы кептелісті айтарлықтай азайтады. LRT жүйесі таңертең және кешкі қарбалас уақытта қоғамдық көліктің жүру жылдамдығын 30%-ға арттырып, ал автобустардың қозғалыс аралығы 8 минутқа дейін қысқарады. LRT жүйесі Қосшы қаласына дейін жалғаспақ.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- Күнде Қосшыдан қалаға келеді кетеді 50 мың адам, 22 мың автомабиль Қосшыдан кіреді. Сосын қосшыдан тұратындардың көбісі Сарыарқа мен Байқоныр аудандарында жұмыс істейді. Бұл не деген сөз, бұл қала мен Есіл аудандарын кесіп өтеді да транзитпен қосымша таңертең кешке кептеліске үлкен үлес қосып жатыр. Негізгі кептеліс өзіңіз білесіз осы ауданда.