Финляндияның оңтүстігінде қалың тұман мен көктайғақтан елуге жуық көлік соқтығысты.
Куәгерлердің айтуынша, тұман жолды санаулы минуттар ішінде тұмшалап алған. Көлік жүргізушілері жағдайға дер кезінде бейімделе алмай, қарсы келе жатқан көліктермен соқтығысты. Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, он адам жарақат алған, олардың біреуі ауыр хәлде. Апат салдарынан тас жолда кептеліс пайда болды. Құтқарушылар мен жол қызметтері қозғалысты қалыпқа келтіріп жатыр.