Алдағы уақытта әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету жүйесі жеңілдетілуі мүмкін .

Бұл туралы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды. Министрдің айтуынша, бүгінде ведомство қызметтік тұрғын үй алу немесе тұрғын үй төлемдерін иелену құқықтарын сақтайтын түзетулер тетігін әзірлеген. Ол "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңда нақты көрініс таппақ. Түзетулер күшіне енгенге дейін барлық төлем мен тұрғын үй беру қолданыстағы ережелерге сай жүзеге асырылады.

Дәурен Қосанов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бұл бағытта нақты жұмыстар жасалып келеді. Алайда проблемалық сұрақтар да жоқ емес. Үкіметпен бұл мәселені реттеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Алайда әзірге шешім таппаған сұрақтар бар. Бүгінгі кездесу осы мәселеге тоқталып, оны шешу жолдарын талқылаймыз.