Қолдың ұйып, шаншып, жансыздануы жайсыз қалыптан ғана емес, жүйке жүйесі, қан айналымы немесе басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Негізгі себептер:
Жүйке жүйе: туннель синдромы, мойын омыртқасының қысылуы, диабет/алкоголь/токсик полинейропатия, склероз, орталық жүйке жүйесінің ісіктері.
Қан тамырлары: Рейно ауруы, атеросклероз, тромбоз.
Уақытша себеп: ыңғайсыз қалыпта ұйықтау/отыру.
Дәрігерлер мына белгілерге назар аудару керегін айтты.
- Бүкіл қол ұйыса, мойын деңгейінде түбіршік қысылуы не өрім зақым болуы мүмкін.
- Бас бармақ, сұқ, ортаңғы саусақтар ұйыса, білезік канал синдромы болуы мүмкін.
Қалай тексерілу керек?
- Неврологқа, қажет болса ортопед, эндокринолог, ревматолог, кардиологқа қаралу керек.
- Анализдер (қант, гормондар, ревмамаркерлер), УДЗ/МРТ, арнайы неврологиялық тесттер тапсыру керек.
Қолдың ұюы инсульт сияқты қауіпті жағдайлардың да белгісі болуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!