Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев науқастарды тасымалдайтын әуе кемелері қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа сауал жолдады.

"Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 1981 жылы сериялық өндірісі тоқтатылған кеңестік Як-40 жолаушылар ұшағы пайдаланылып келеді. Қазір бұл әуе кемелерінің жасы 44-тен 55 жасқа дейін жетіп отыр, яғни аймақтық авиацияның әлемдік паркінің орташа шекті жасынан екі есе ескі (15-20 жылдан аспауы керек). Як-40 ұшақтарының ресурсы таусылған, олар өткен ғасырдың 60-жылдары жасалған АИ-25 қозғалтқыштарымен жабдықталған, ал 1980 жылдардың соңында бұл қозғалтқыштардың өндірісі тоқтатылған", — деді ол.

Депутаттың сөзінше, Як-40 ұшақтары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді.

"Мұндай ұшақтарды пайдалануға Еуропалық Одақ аумағында 2002 жылғы 1 сәуірден бастап тыйым салынған. Алайда елімізде қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін Як-40 әуе кемелері санитарлық авиацияда қолданылып, яғни науқастарды тасымалдап жүр. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді емес пе?!" — деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget