KIMEP университетінің 22 жастағы түлегі Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақнәрдің қазасы туралы не белгілі?

2024 жылғы мамырда алматылық Ақнәр Гүлстан көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан қаза тапты. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді және оны таныстары өлтіргенін айтты.

Марқұмның анасы Гүлстан Қамиттің айтуынша, қызы құлар алдында азапталған. Сараптама нәтижесі бойынша Ақнәрдың денесінде жарақат іздері болған, тістелген және тырналған жаралар байқалған. Пәтерден сынған тырнақтар мен жұлынған шаштар табылған. Әйелдің сөзінше, қызын екі курстасы азаптап, кейін терезеден лақтырып жіберген.

Қайтыс болған қыздың анасы ұсынған кадрлар

Істі қазір қай орган тергеп жатыр?

Tengrinews.kz ресми сауалына жауап берген ІІМ өкілдері істі Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тергеп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушы Инга Иманбай бұл іс шамамен бір жыл бойы Алматы Полиция департаментінде болғанын айтты.

"Біз ІІМ мен Алматы полициясына сенімсіздік білдірдік. Бас прокуратураға жүгініп, істі тергеу үшін ведомствоаралық топ құруды сұрадық. Кейін іс Антикорға берілді, ал кейін ол ҰҚК құрылымына өтті", — деп түсіндірді ол.

Алайда ҰҚК де, құқық қорғаушы Инга Иманбай да іс қай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget