Президент Жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Бұрынғы министрліктің инновациялық қызмет саласындағы функциялары Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді. Енді,, Президент Әкімшілігімен келісу бойынша,, мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат саны қайта бөлінеді. Ресми хабарлама ақорданың телеграм парақшасында жарияланды. Онда — Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген.