Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық матчында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кортқа алғашқы болып рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро шықты.
Бірінші партияда Наварро 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева есе қайырды — 6:2. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қос бірдей матчболды пайдалана алмады — 6:7 (6:8). Тартысты бәсеке 2 сағат 30 минутқа созылды. Осылайша, АҚШ құрамасы 1:0 есебімен алға шықты. Келесі болып кортқа Елена Рыбакина мен Джессика Пегула шығады.