Президент Жолдауда ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға цифрлық технологияларды қолдануды тапсырды.

Ұлытаулықтар шаруалардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған шешім саладағы өнімділікті арттыруға сеп болады деп санайды. Биыл өңірде пайдаланылмай жатқан 100 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді ол аумақтар қара жердің қадірін білетін шаруаларға беріледі. Оны дұрыс игеру үшін біріншіден сауатты маман мен сапалы технология қажет. «Топырақтың тозуы, су тапшылығы секілді түйіткілдерді шешуге жасанды интелектіні қолдану маңызды», — дейді тұрғындар.