Биыл елде 16 млн гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 350 мың тоннадан астам майлы дақыл, 1 млн тоннадан астам картоп, 2,5 млн тоннаға жуық көкөніс және 2 млн тоннадан астам бақша дақылдарын жинады. Өнімділік бойынша пияз, қырыққабат және сәбіз үздік үштікке кірді .
Әділхан Ерденов, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы:
- Майлы дақылдар бойынша егістіктің жалпы ауданы 4 млн гектардан асты. Оның ішінде 350 мың гектар немесе 9% жиналды. Сонымен қатар картоп алаңының 40%-ы, көкөніс дақылдарының 65%-ы және бақша дақылдарының 86%-ы жиналды. Дәнді дақылдар бойынша солтүстік аймақтар көш басында тұр. Бұл Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Майлы дақылдар бойынша, Шығыс және Солтүстік аймақтар алда тұр. Көкөніс өсіруде оңтүстік өңірлердің үлесі басым, бұл – Жамбыл мен Түркістан облыстары. Картоп бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр.