Израильдің Дохаға соққысы салдарынан алты адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында ХАМАС жетекшісінің ұлы Хамам Халиль әл-Хайя мен қозғалыстың тағы бес өкілі бар.
Бірнеше адам жарақат алған. Бұл туралы қатарлық Al Araby телеарнасы хабарлады. Израиль әскері келіссөз жүргізу үшін Дохаға келген Халиль әл-Хайяны нысанаға алған. Ол ХАМАС-тың шетелдік саяси бюросының басшысы қызметін атқарды. Қалада барлығы 10-ға жуық жарылыс болды. Соққы ұйым өкілдері болған резиденциялар мен тұрғын үйлерге жасалған.