Ақ үй әкімшілігі визасы бар 55 миллион шетел азаматының құжатын тексеруге кірісті.
Бұл туралы елдің Мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Егер азаматтардың құжатынан шикілік табылса, бірден елден шығарылады. Атап айтқанда, құжаттың жарамдылық мерзімі өтсе, елдегі қалыптасқан заң мен мен қоғамдық тәртіпке бағынбау және лаңкестік оқиғаларға қатысы бары анықталса, визаның күші жойылады. Таяуда 6 мың студент АҚШ-та білім алу мүмкіндігінен айырылған еді. Жалпы ресми дерекке сүйенсек, былтыр елде 12 миллион 800 мың грин карта иесі мен 3 миллион 600 мың уақытша виза тіркелген.