Степногорск қаласындағы қайғылы жағдай орын алды. Жас ана мен оның сәбиі терезеден құлап қаза тапты, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін таңғы сағат бес шамасында 23 жастағы әйел жеті айлық нәрестесін құшағында ұстап, тұрғын үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап кеткен. Белгілі болғандай, жас әйел таныстарының үйінде қонақта болған.
Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қорытынды шешім барлық қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін және оқиғаның мән-жайы толық тексерілген соң белгілі болады.