Жолаушылар ұшуға дайындалғанда әдетте салон сызбасын қарап, өзіне қолайлы орынды таңдап, жайлы сапарды күтеді. Алайда кейде жоспар өзгеріп, әуе компаниясы ұшуға санаулы сағат қалғанда ұшақты ауыстыруға мәжбүр болады. Бұл туралы жолаушылар SMS арқылы дер кезінде хабарланады. Air Astana мамандары осындай ауысулардың себептерін түсіндірді.

Ұшақ не үшін ауыстырылады?

Әуе компаниялары ұшақты тек екі негізгі себеппен ауыстырады:

  • қауіпсіздікті сақтау үшін
  • кестені бұзбау үшін

Әр ұшақ тұрақты тексерістен өтеді. Тіпті ұсақ ақаудың өзі оны уақытша рейстен шығаруға жеткілікті, өйткені авиацияда қауіпсіздіктен маңызды ештеңе жоқ. Кейде ұшақ алдыңғы рейстен кешігіп жетуі мүмкін – ауа райынан немесе әуежайдағы кідірістерден. Мұндайда компания жолаушыларды күттірмей, басқа бортты пайдаланады. Бірақ әрдайым сыйымдылығы бірдей ұшақ табыла бермейтіндіктен, орындар қайта бөлініп жатады. Air Astana тобында борттар өзара алмастырылады: кейде Air Astana рейсін FlyArystan атқарады, ал кейде керісінше.

Жолаушылар үшін не өзгереді?

Ұшақ ауысқанда салонның конфигурациясы өзгеруі ықтимал: орындар арасы қысқарып немесе ұзаруы мүмкін, мультимедиа жүйесі болмауы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда да компания мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасауға тырысады және Air Astana ұшағы лоукостер ұшағына ауыстырылғанда – жолаушылардың бәріне жеңіл тағамдар мен су ұсынылады.

Егер Air Astana ұшағы FlyArystan-ның лоукост нұсқасына ауысса, бизнес-класс жолаушыларына билет құнының айырмасы қайтарылады. Кейде керісінше жағдай да болады: FlyArystan рейсі Air Astana ұшағында орындалып, жолаушылар қосымша жайлылыққа тегін ие болуы мүмкін.

Егер ұшақты ауыстырса не істеу керек?

Егер сізге ұсынылған өзгерістер қолайсыз болса, Air Astana сізге бірнеше таңдау ұсынады:

  • билетті тегін қайтарып алу;
  • сапарды басқа күнге тегін ауыстыру;
  • немесе келісіп, жаңа ұшақпен ұшу.

Барлық өтініштерді Air Astana-ның ресми сайтындағы help.airastana.com порталы арқылы жолдауға болады. Ол үшін электронды билет пен отырғызу талондарын тіркеу қажет.

Ұшақ ауыстыру – үнем үшін емес

Ұшақ ауыстыру – шығынды қысқарту тәсілі емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен кестені сақтау үшін қабылданатын өндірістік шара. FlyArystan-ды қамтитын Air Astana тобы мұндай шешімдер арқылы әуе флотының жұмысын икемді басқарып, тасымалдаудың сенімділігін қамтамасыз етеді.

Кей жағдайларда бұл жолаушылардың жайлылығына әсер етуі мүмкін. Дегенмен бұл қадам жолаушылардың мүддесін ескере отырып жасалады, өйткені мақсат – рейсті уақытылы орындау және әуежайда ұзақ күтудің алдын алу.

Жарнамалық материал

Logotype Massaget