Кең даланың төсінде төрт түлігін өргізген. 20 жылдан артық мал бағып, маңдай терімен өрісін кеңейткен теріскейлік тұрғын Азамат Асқарбеков ата кәсіпті дамытып келеді.

Азамат Асқарбеков, малшы:

Малды түнгі 03:30-да, 04:00-де шығарамын. Күннің ыстығында сағат 10:00-11:00-ге дейін бағылады. Сосын келеді де, осы жерге жатады. Сағат 17:00-18:00-ге дейін осы көлдің салқынымен рақаттанып жатады. Тамыз айы нағыз бөгелек шығатын кез. Бөгелек жылқының танауына кіреді де, жылқы сосын орнында тұрмай, шабады. Ол ары кетсе 15-25 күн. Сосын қайтадан басылады.

Кімнің жылқысы немесе қойы екенін түсінен, енінен, көзқарасынан да танимын. Ол менің қанымда бар. Мысалы, бір күн көңілді жүрсе, екінші күн басын иіп, төмен түсіріп, иіп жүсе мал ауырып жатыр дегенді білдіреді. Сол кезде иесіне хабарласып айтамыз.

Таза ауаға, осындай жерге үйреніп қалған адамбыз. Енді көбі қалаға көшу керек, қалаға неге бармайсың, қалада жұмыс көп деп айтады. «Малдың соңынан жүре бересің бе?» деп айтады. Балаларым пәтерде тұрады. Сонда қонаққа барамын. Анау пәтердің ішінде тұншығып кетемін. Мұнда қандай көл, қандай жер, жасыл бәрі?!

Эльмира Кәленова