Әлеуметтік желіде кондитер мен блогердің дауы қызды. Блогер туған күніне тапсырыс берген тортты кондитер 600 мың теңгеге бағалаған. Заңгердің айтуынша, баға мереке күні ғана айтылған. Алайда торт құны әлі төленбеген. Кондитер Нұршат Ақбергенова блогерді сотқа беретінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы кондитердің адвокаты Аржан Сәдуақас әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Аселина 200 мың теңгені дәл өзі жібергендей етіп, қоғамда жалған пікір қалыптастырып, шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып жүргеніне байланысты, біз ресми түрде мәлімдейміз: бұл қаржы Аселина тарапынан жіберілмеген, сол себепті жіберушіге қайтарылған. Біздің заңгерлік командамыз Нұршаттың құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғап, заңда көзделген барлық шараны қолданады. Деректерді бұрмалау және қоғамды адастыру әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады", — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін блогер мен кондитер арасындағы дау туралы хабарланған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget