БАҚ пен әлеуметтік желіде Шымкенттің бас архитекторы ұсталғаны, оның "Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің адамы" екені туралы ақпарат тарады. Руслан Берденов осы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, мұның бәрі жалған ақпарат.

"Ақпараттық кеңістікте мен жайлы тағы бір жалған мәлімет тарады. Бүгін ұсталған, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпаратты жоққа шығарамын. Оның "менің адамым" екені жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған", — деді ол.

Айта кетейік, әзірге құзырлы органдар Арман Әбдешовтің ұсталғаны туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget