Түрікменстан, Ашхабад

Түрікменстан билігі Ираннан қазақстандықтарды эвакуациялауға көмектесті. Иран-Түрікменстан шекарасынан 120 адам өтті. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдердің азаматтары бар. Олардың барлығы қонақүйге орналастырылды. Тамақ және қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ әрі қарай жол жүру үшін арнайы көлік те берілген. Кейбір азаматтар қазірдің өзінде өз елдеріне аман-есен оралды.

Досқараева Айжан, Қазақстан азаматы:

- Иранда қалыптасқан жағдайға байланысты, Иран аумағындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің ұйымдаструымен Ирандағы Қазақстан азаматтары кеше Түрікменстан мемлекетіне жеткізілді. Түрікменстан мемлекетінің басшысына, сонымен қатар үкіметтеріне үлкен алғысымызды, ризашлығымызды білдіреміз.