Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында молдовалық Вадим Гимбовскимен алтын медаль үшін белдесті.
Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шешуші белдесу 1:0 есебімен Байқамуровтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.