Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Джорджа Мелонидің Қазақстанға ресми сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған шапан сыйлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Италия премьерінің қазақы киімдегі суреті Президенттің баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жарияланды.

"Джорджа Мелони қазақтың қонақжай дәстүріне сай жоғары деңгейде қарсы алынды", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Ақордада кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Мелони Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 29 мамырда ресми сапармен келген болатын. Президент оны Астана әуежайынан жеке өзі қарсы алып, қызғылт пион гүлдерінен құралған букет тарту етті.

Айта кетейік, Джорджа Мелони — Италия тарихында Министрлер кеңесін басқарған алғашқы әйел. Ол 2022 жылдың 22 қазанынан бастап бұл қызметті атқарып келеді. Бұған дейін Сильвио Берлусконидің төртінші үкіметінде жастар ісі жөніндегі министр болған. 2014 жылдан бері "Италия бауырлары" партиясының, ал 2020 жылдан бері Еуропалық консерваторлар мен реформашылар партиясының жетекшісі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget