Күн райының бұзылуына байланысты. Бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
Қалың тұманға байланысты сағат 12:30-дан бастап Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, Ақтөбе облысының шекарасынан Қостанай облысындағы Адай ауылына дейінгі бағытта жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс жабылды.
«Сонымен қатар жаңбыр жауып, көктайғаққа байланысты Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі учаскеде, Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі бөлікте көлік қозғалысына шектеу қойылды», — деп хабаралайды Қазавтожол компаниясының мамандары.