Алматы облысында Ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккен 4 адам да қайтыс болды. КСМ: Оның біреуі сенбі күні кешке көз жұмды. Артынша ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатқан үш жұмысшы да қайтыс болды. Бұл туралы “Азия АгроФуд” компаниясы хабарлады. Марқұм болған жұмысшылардың алды 49-да болса, біреуі 53 -те, енді бірі 60 жаста. Олар зауытта 15 жылдан бастан 40 жылға дейін еңбек еткен. Компания басшылығы марқұмдардың отбасына көмек көрсетіп, заңмен қарастырылған барлық төлемді төлейтінін хабарлады.
Еске сала кетейін, 23 мамыр күні таңертең сағат он жарымдар шамасында Алматы облысы Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында жарылыс болды. Өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккен төрт адам дереу ауруханаға жеткізілген. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айдана Қуантхан