Атырау, Ақмола, Жамбыл және Павлодар өңірлеріндегі жеке тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары көбейген.

Бұған басты себеп – халықтың пеш пен жылыту қондырғыларын қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптары сақтамауы. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, былтыр 70-тен астам газ баллоны жарылып, шашамен 90 адам зардап шеккен. Бұдан бөлек 350 мыңға жуық тұрмыстық газ баллонының қолданыс мерзімі ескіріп, 50 жылдан асқан. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов пайдалану мерзімі өтіп кеткен, ескі баллондарды дереу ауыстырып, өртке қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Өткен жылыту маусымында өрттен қаза тапқандардың дені зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар. Өңір әкімдіктеріне ТЖМ және Еңбек министрлігімен бірлесіп 1 ай ішінде халықтың әлеуметтік осал тұратын топтардың тізімін нақтылауды тапсырамын. Өңір әкімдіктері осы санаттағы адамдардың үйлерін бақылауда ұстап, оларға қажетті қолдау көрсеткін. Сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын өндіру мәселеі де ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келеді. Индустрия, Ұлттық экономика және Экология министрліктеріне осы жылдың соңына дейін тұрмыстық газ баллондарын өндіру мәселесін шешуді тапсырамын.