21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында "Қайрат" және "Пафос" (Кипр) футбол клубтарының матчі өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ, Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Сонымен қатар, жанкүйерлер үшін ойын аяқталғаннан кейін 6 бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!