Қазақстанға бірлескен іздестіру шараларын жүргізу үшін Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің іздестіру тобы келді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

ІІМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары Полиция департаменттерінің жедел топтары да Ресейге барып, осындай іс-шаралар өткізген.

"Екі күн ішінде 286 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 55 адам, соның ішінде кәмелетке толмаған сегіз бала табылды", — деді ІІМ криминалдық Полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget