Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда биылғы қорытындылар айтылды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері қылмыс саны 6 мыңға немесе 7 пайыз азайған, соның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық және ұрлық сияқты қылмыстардың саны төмендеген.

Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар да азайды.

"Ең бастысы — азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың азаюы — бұл қайғылы жағдайлардың алдын алынып, адамдардың қорғалу деңгейінің артуы", — деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Тоғыз айдың ішінде республика бойынша 26 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Есептік кезеңде ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету дерегі бойынша 70 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 13-і трансұлттық топтарға қатысты. Жалпы 248 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Ведомство басшысы мал ұрлығына қарсы күреске ерекше назар аударды. Ол ауылдық жерлерде мал халықтың негізгі табыс көзі екенін атап өтіп, бұл бағытта профилактикалық шараларды күшейту міндетін қойды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget