Талдықорғанда қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау орталығы ашылды.

Мекемеде оларға арнап құқықтық, психологиялық және әлеуметтік бағыттар бойынша 12 түрлі қызмет тегін көрсетіледі. Сонымен қатар тұрмыстық жанжалдан зардап шеккен және баспанасыз қалған азаматтарға жатын бөлмелер қарастырылған. Айта кетейік, 3 қабатты ғимарат сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар сотталушыдан мемлекет меншігіне өткен болатын. Осыдан кейін жергілікті бюджет есебінен жөндеу жүргізіліп, толық жабдықталды. Орталықтың ашылу салтанатына әкімдік пен азаматтық сектор өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жанар Нұрмұханова, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының басшысы:

- Бес жылдың ішінде 7 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді. Бүгін біз үшін ерекше күн. Осы жылға дейін ғимаратты жалға алып отырдық. Бүгіннен бастап бізге Үкімет тарапынан осындай тамаша ғимарат бөлді.