Жоғарғы cоттың үш судьясы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Сенат бірден Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты.
Сенат Ғабит Әлжановты, Роза Жақұдинаны және Тыныштық Молдахметованы қызметінен босатты. Палата отырысында Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жариялады.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!