Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалған Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Артта қалған өңір басшылары жағдайды өзгертуге бар күшін салуы қажет", — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр қазіргі жағдайда экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін мемлекет пен бизнес бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі тиіс екенін айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget