Венесуэла Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрады. АҚШ-пен арадағы жағдайға араласып, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін растауды өтінді .
Бұл туралы Венесуэланың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Самуэль Монкада хабарлады. Ол «Кеңес істің насырға шаппауына мүмкіндік беретін қажетті шараларды тез арада қабылдауы тиіс», — деді. Қыркүйекте АҚШ бірнеше рет қарулы күштерін Венесуэла жағалауы маңына есірткі тасымалдайтын қайықтарды жою үшін жіберген еді. Бұған дейін NBC арнасы АҚШ әскерилері Венесуэладағы есірткі сатушыларға соққы беруге дайындалып жатқанын хабарлады.