Жамбыл облысы Қордай ауданында «Шоқпар — Гагаринское » тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды.
Заманауи технологиямен жабдықталатын кәсіпорын алтын, күміс, мырыш пен қорғасын өндіреді. Инвестициялық жоба іске қосылғанда 500-ден аса жұмыс орны ашылмақ. Құрылыстың салтанатты ашылуына инвестор мен өңір басшылығы және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Тау-кен байыту комбинаты Соғанды ауылының маңында салынып жатыр. Кәсіпорын 1100 гектар жердегі кен орындарынан шикізат алып, осы маңдағы комбинатта бірден өңдейді. Ауқымды жоба өңір экономикасына оң әсер етіп, халықты жұмыспен қамтуға үлкен үлес қосады, — дейді облыс басшысы.
Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі:
- Жобаның әлеуметтік әсері ерекше. Құрылыс кезеңінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылып, ал нысан толық іске қосылған соң 400-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Бұл — ел тұрмысын жақсартуға бағытталған нақсы іс.
Семён Хан, «Шоқпар – Гагаринское» ЖШС бас директоры:
- Біздің зауыттың ерекшілігі, кез келген полиметалл кенін өңдей алатын заманауи технологияны қолданамыз. Өндірісті салу кезінде жергілікті билік құжаттама мен маман табу мәселесіне қолғабыс етті. жоспар бойынша 2027 жылдың алғашқы тоқсанында іске қосып, алғашқы өнімдерімізді шығарамыз.
Өндіріс жылына 500 мың тонна кен өңдейді. Жобаны жүзеге асыру үшін отандық инвестор 47 млрд теңге құйды. Жалпы Жамбыл облысы инвесторларды тарту бойынша республикада алдыңғы қатарда. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін 1100 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ернар Оразбай, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі таңда 490 млрд теңге инвестиция тартылып отыр. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 138,5 пайызды көрестіп отыр. Яғни өсім 826 млрд теңге жылдың соңына дейін жеткізу керек. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін облыс бойынша инвестициялық портфель қалыптастырдық.
Жалпы Жамбыл облысында 2028 жылға дейін құны 3,5 трлн теңге болатын 62 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Жобалар жүзеге асса 6500-ден аса жұмыс орны ашылады.
Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә