Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот өтіп жатыр., — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қылмыстық іс Алматы облысының Талғар аудандық сотында қаралып жатыр. Бүгін іс бойынша куәгерлерден жауап алынады. Сот ашық режимде өтіп жатыр, алайда БАҚ өкілдері сот залына жіберілмеді. Журналистер баспасөз орталығына орналастырылды, мұнда сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.
Сонымен қатар, судья Айнагүл Түкібаева жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарын БАҚ-та жариялауға тыйым салды.
Сотталушылар орындығында алты адам отыр: Хасан Қасымбаев, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков, Руслан Әлиев, Данияр Асқаров және Мадияр Қалымжанов.
Хасан Қасымбаев туралы не белгілі?
Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.
Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды.
Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші, яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.
2025 жылы 21 сәуірде Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды.
2025 жылы 29 шілдеде Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды.
Жуырда сот басталды. Сотта прокурор Ерлан Құланбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (жәбірленуші — ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші — Әріпжан Тәжиев) істері бойынша егжей-тегжейлі айыптау актісін оқыды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!