Шымкентте полиция ірі қылмыстық схеманы әшкереледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент, Алматы және Алматы облысында интернет алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті белгілі болды. Күдіктілердің интернет алаяқтықтың 9 дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Келтірілген жалпы материалдық шығын 141 миллион теңгеден асады.

"Қылмыстық топтың 4 қатысушысы ұсталды. Оның ішінде топ басшысы, дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан екі қатысушы, сондай-ақ, қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы бар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", — деді ІІМ өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget