Алматы облысы Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде төтенше жағдай болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, белгісіз зат жарылып, салдарынан үш адам қаза тапқан.
"Олардың денесі оқиға орнынан табылды. Оқиға болған жерге жедел түрде полиция, өртсөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жетті. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!