Ақмола облысына қарасты Бестөбе кентінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көшелер мен саябақ аумағын күл-қоқыстан тазартты.

Жасыл желектерді баптап, гүлзарларды ретке келтірді. Ортақ іске 500-ге жуық адам қатысып, өз үлесін қосты. Оның ішінде жергілікті тұрғындардан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер мен волонтёрлар бар. Олар бір тәулікте 5 мың текше метр қоқыс жинады. Жалпы эко акцияның тиімділігін бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы да атап өтті. Өйткені былтырдан бастап жұрт болып жұмылудың арқасында елімізде 860 мың гектардан астам аумақ тазаланып, 4 млн-нан астам ағаш егілді.

Ғабділманат Қалимулин, Бестөбе кентінің тұрғыны:

- Ауылымыздың таза болғаны біз үшін өте маңызды. Өйткені көше таза болса, халықтың сана-сезіміде таза болады. Біз жастарға үлгі болайық деп шығып отырмыз.