Алдағы демалыс күндері құбылмалы күн райы сақталады.

Қазгиромед 16 облыста дауылды ескерту жариялады. Алматы мен Шымкентте және Түркістан, Қызылорда облыстарында 30-дан 37 градусқа дейін аптап ыстық орнайды. Синоптиктер Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өрт қаупі барын ескертеді. Ал солтүстік аймақтарда күн алабұлтты, кей өңірде қатты жаңбыр жауады. Шығыста тұман түсіп, батыста жел күшеюуі мүмкін. Астанада бүгін жел соғып, 27 градус жылылықты көрсетеді.