Ұлттық қауіпсіздік комитеті премьер-министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталғаны туралы жалған ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Orda Telegram арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.
Кейінірек Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!