Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, позитрондық-эмиссиялық томография орталығы (ПЭТ/КТ) онкологиялық аурулардың қайталануын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін Маңғыстау облысы мен көршілес өңірлердің тұрғындары ПЭТ/КТ-зерттеп-қараудан өту үшін Астанаға немесе Алматыға баруға мәжбүр болған. Ақтаудағы орталық тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, медициналық көмекті халыққа қолжетімді ете түседі.

Жылына 2000-нан астам зерттеу жүргізуге қауқарлы орталыққа медициналық жабдықтар Германиядан, АҚШ-тан және Оңтүстік Кореядан жеткізілген.

2025 жылдың 7 айында Маңғыстау облысында әртүрлі кезеңдерде 562 онкологиялық ауру тіркелген. Атап айтқанда, 312 пациентте ауру 1-2-сатысында, 36-да – 3-4-сатысында, 157-де — 0-1-сатысында анықталған.