Тяньцзиньде ШЫҰ саммитіне қатысушы көшбасшылар дәстүрге сай бірге суретке түсті, деп хабарлайды 24kz.
Мұндай рәсім халықаралық саммиттердің ажырамас бөлігі болып саналады. Әлемдік дипломатияда ол Family photo деп аталады. Бұл дәстүр ХХ ғасырдың екінші жартысында БҰҰ жиындары мен халықаралық форумдарда қалыптасқан. Символикалық атау мемлекеттердің бірлігін, өзара құрметін және ынтымақтастығын білдіреді.