Мысыр Газаға 10 мыңға жуық палестиналықты жіберуге дайындап жатыр.
Олар қақтығыс аяқталғаннан кейін аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды. Кейін тағы 5 мың адамды оқыту жоспарланған. Алайда бұл бастамаға Израиль қарсы. Өйткені Тель-Авив мұндай күштерді ХАМАС-қа жақын деп санайды.