Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу оқиғасына қатысты толық мәлімет берді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы Руслан Козбақов брифингте агенттік кассирі дабыл түймесін басқаннан кейін диспетчерден өзін-өзі өртеу ықтималдығы туралы дабыл түскенін айтты.
"Ер адамда бензин бар екені және өзін-өзі өртеймін деп қорқытқаны туралы ақпаратты алған соң, желілік полиция басқармасының жедел-тергеу тобы, біріккен авиациялық қауіпсіздік қызметі дереу кез келген өртті анықтау шараларын қолға алды. Қызметкерлер өрт сөндіргіштермен қаруланды. Одан кейін видеоны көрген шығарсыздар: өртті өшірді, бұл ер адамды құтқарып қалуға мүмкіндік берді", — деді Руслан Қозбақов.
Сондай-ақ, ол тергеу аясында бейнебақылау камераларынан жазбалар алынғанын айтты. Бұл ер адамның әуежайға қашан келгенін, кіреберісте тексерістен өткен-өтпегенін және жанғыш сұйықтықты өзімен бірге әкелген-әкелмегенін анықтау үшін жасалып отыр.
Сонымен қатар полицейлер зардап шеккен ер адамның әйелінен жауап алды. Полиция мәліметінше, ол Атырауда тұрады.
"Алдын ала деректер бойынша, ер адам бұл әрекетке азаматтық жұбайымен туындаған отбасылық-тұрмыстық жағдайлар салдарынан барған", – деді әуежай желілік полициясының бастығы.
Ол ер адамның өзін билетке бола, яғни оны айырбастап бермегендіктен өртегені туралы ақпаратқа пікір білдірді.
"Қазір біз қосымша тергеу жүргізіп жатырмыз, онда оның рейске кешігіп келген-келмегенін анықтаймыз. Бірақ билеттерді ол сатып алмаған", – деді Козбақов.
Әуежай желілік полициясының бастығы қазір іс ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеліп жатқанын, алайда тергеу барысында басқа да құқықбұзушылықтар қосылуы мүмкін екенін атап өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!