Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі – ең тиімді халықаралық мәміле алаңдарының бірі.
Форумға қатысуға ниет білдіруші елдер саны жыл сайын артып келеді. Бұл оның жаһандық ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Мұндай пікірді Ресей Федерациясы Мұсылмандарының Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Дамир Мұхетдинов білдірді. Айтуынша, әлемнің әр аймағындағы қақтығыстар мен жанжалдар бейбіт шешімдерді қажет етеді. Осы ретте кез келген діни ілім көпті бітімге шақырады, дейді діни қайраткер.
Дамир Мұхетдинов, Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб муфти:
«Астанада осыған дейін өткен жеті форум бұл жиынның ең тиімді мәміле алаңы екенін дәлелдеді. Оларда тың идеялар көтеріліп, маңызды шешімдер қабылданды. Қазір әлем тұрақсыздық, сын-қатерлер және түрлі қақтығыстар кезеңін бастан өткеріп жатыр. Осындай уақытта діни көшбасшылар мен қауым өкілдерінің ашық әрі шынайы бітімге келуі маңызды. Біз Астанада өтетін сегізінші форум жаңа қажеттіліктерді айқындайды және түрлі өркениет, мәдениет пен дін өкілдеріне өзекті мәселелерді талқылап, оң шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз».