Ақтауда полиция төрт баланың анасы мен оның азаматтық некедегі күйеуіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл арызды әйелдің бұрынғы күйеуі түсірген, ол балаларға зорлық жасалғанын айтқан, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның айтуынша, өгей әке балаларға үш жыл бойы ұрып келген, кейде басын шелекке батырып қинаған.

Тергеуге әлеуметтік желіде көмек сұрап, жылап тұрған қызының видеосын жариялаған ер адамның әрекеті себеп болды. Ол бұл жағдайды бұрынғы әйелінің бірінші некесінен туған үлкен ұлы арқылы білген. 16 жастағы жасөспірім үйінен қашып кеткен. Ер адамның сөзінше, өгей әке балаларға қысым көрсеткен, әсіресе 6 және 9 жастағы қыздар қатты зардап шеккен.

Бұрын да қыздардың денесінде көгерген іздерді көрген, бірақ аса мән бермеген. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанда балалар әкесінің қамқорлығына берілді. Ер адам енді бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айыруға ниетті.

"Оның азаматтық некедегі күйеуі бұл әрекетті "тәрбиелеу әдісі" деп атаған. Балалар сабаққа дұрыс қарамаса немесе түнде оянса, басын шелекке батырып жазалаған. Қызымның денесінде көгерген іздерді көріп, анасына хабарласқанымда ол: "Олар далада ойнап жүріп құлаған шығар" деп жауап берді", – деді балалардың әкесі Тұрал Латифов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget