Таиландқа барып демалатындардың саны бәсеңдеген, деп хабарлайды 24kz.

Бұл елге келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 7%-ке азайған.

Туризм министрлігінің мәліметінше осы уақыт аралығында шамамен 20 миллион шетелдік келген. Олардың 3 миллионға жуығы Қытай азаматтары. Ал пандемияға дейін елге шамамен 40 миллион турист келген. Сарапшылардың пікірінше, саяхатшылар санының азаюына аймақтағы экономикалық ахуал мен саяси тұрақсыздық ықпал етіп отыр.