Танымал журналист, блогер Гүлбану Әниятқызы продюсер Гүлзира Айдарбекованы қатаң сынға алды.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист өз ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Сонда Гүлзира әпкемнің шампунін сатып алсақ, Қайраттай ұл табамыз ба? «Менің энергиям бар» депті, оны қалай салды екен шампуньге деп түнімен ойланып шықтым.
А вдруг жұғысты болып, Қайраттай емес, Заңғардай ұлды дүниеге әкеліп қалса ше, гарантия бар ма?
Әзілсіз айтсам, халықты ақымақ көріп, осындай жарнама жасауы ұят қой. Осыған сеніп, сол шампуньді өліп-талып алатын адамдарда ес жоқ», — деп жазды ол.


